2022-09-28 02:58:21
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«NUR OTAN» партиясын жұмыс жасамайды” — деп айтудан алдын партиялықтардың жұмысымен танысқан жөн

«- Қойшы сол «Nur Otan» ба?
— Сайлау бітсе біреуіңді таппай қаламыз ғой?
— Не бітіріп жүр « Nur Otan»?
— Партия депутаттары не істеп жүр? “ — деп ашуланған біраз қымбатты тұрғындарымыз қазіргіде көпшілігі өз алғыстарын айтып жүр. Бұл ең алдымен жетекші партиямыздың жүйелі саясатының және еңбекқор партия мүшелерінің еңбегі.
Сондықтан ойлаймын кей азаматтарымыз жетекші партияға деген санасында таптаурындалған кері пікірдег арылар уақят келді. Айналаға мейіріммен, татуылықпен қарап бауырмал болып, бір тудың астында егемен өмір сүргенге не жетсін?!.
Биыл егеменді ел болған, тұғырлы Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Отыз жылдың ішінде елдің экономикасына, түрлі салада айтулы белестерден өтіп, жоспарға сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ең басты құндылық тәуелсіздік және қазақ мүддесі. Осы орайда еліміздегі барлық партиялардың мақсаты, жұмысы, жоспары ол әрине халықтың мүддесін көздейді. Оның ішінде өзім мүше болған «Нұр Отан» партиясына кеңінен тоқталсам, Елбасы бастаған үлкен партия 1999 жылы 1 наурызда құрылған болатын. Қазіргі уақытта өзім мүше болып жүрген Шымкент қаласының Еңбекші ауданының өзінде жеті мыңнан астам партияластарымыз және 12 бастауыш партия ұйымдары бар.

Елбасы Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясы үлкен, нағыз саяси күш ретінде халықты, халықтың күш-жігерін «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған үлкен мақсаттарға жету үшін біріктіру керек»,-деп атап өткен болатын. Яғни «Nur Otan» пратиясының мақсаты – халықтың мүддесін, мұң-мұқтажын көзбен көріп, құлақпен еститіндей халықпен бірге жұмыс жүргізу, халық арасында насихаттау. Осы орайда Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл жаңа форматтағы бағдарламаның ерекшелігі — макроэкономикалық индикаторлардан бөлек, өңірдің ерекшелігі мен проблемаларын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар өз бастамасымен өзекті индикаторларды енгізуге мүмкіндік берілген. Бағдарлама құрылымы, идикаторлар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген әдістемеге сәйкес әзірленді.

Осыған байланысты бағдарламада 3 бағыт қамтылған:
— Өңір экономикасының өсімі;
— Өмір сүруге жайлы және қауіпсіз өңір;
— Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету бойынша бағыттар қамтылған.
14 мақсат, 25 индикаторлар қарастырылған, оның ішінде
15-і – макроэкономикалық және 10-і – өзекті мәселелерден туындаған индикаторлар.

Осы бағдарлама аясында биыл атқарылған негізігі жұмыстарға тоқталсам, бірінші бағытқа сәйкес, өнеркәсіп саласында 2021-2025 жылдары жалпы құны 1,25 трлн. теңгені құрайтын 103 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен қамту көзделіп отыр. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 40 млрд. теңгені құрайтын, 800-ге жуық жаңа жұмыс орнымен, 17 инвестициялық жобаны іске асырылуы жоспарлануда.
Бүгінгі күнге құны 15,3 теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылып, 523 жұмыс орындары ашылды. Жылдың соңына дейін 7 жоба іске қосылады (24,7 млрд.теңге, 235 жұмыс орны).
Екінші бағыт бойынша «Өмір сүруге жайлы және қауіпсіз өңір» бағытында, 2021 жылы 15,5 млрд.теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 2 нысан аяқталды (Туран және Ынтымақ-2).
Жылдың соңына дейін 10 нысанның құрылысы аяқталып, 26 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтамасыз етіледі (2 нысан 2022 жылға өтпелі).
Үшінші бағытқа сәйкес, 2021 жылы 11 064 орынға арналған 24 мектеп пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде бюджет есебінен 1 920 орындық 4 мектеп. Нәтижесінде, 2021-2022 жаңа оқу жылынан бастап апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін төмендеді.

Жылды халықтың мүддесін көздейтін жұмыстардың іске асуымен қорытындыладық. Бұл әрине бағдарламаға сәйкес бұдан ары жүзеге асады. Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз тыныш, халқымыз бейбіт заманда өмір сүрсін!
“Nur Otan” халықпен бірге!

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Байкен Аширбаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР