2024-04-25 06:50:41
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде

«Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде

Шымкентте қайта жаңғыртылған «Металлург» стадионы бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде. Озық үлгіде жабдықталған нысанға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, аралап көрді.

1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешені бүгінде заманауи талаптарға сай жаңартылған. 1504 көрерменге арналған стадионда күрес, бокс, кикбоксинг, футбол, волейбол, баскетбол, гандболға арналған залдар мен 64 орындық қонақ үй қарастырылған.

Айта кетейік, мұндағы құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл сәуір айында аяқталған болатын. Нысан 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолданысқа қайта берілді.

Алдағы уақытта стадионда халықаралық, республикалық деңгейдегі түрлі іс шаралар ұйымдастырылатын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР