2024-03-04 13:00:37
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Медициналық қызметтерді сапалы әрі қолжетімді етуде жаңа міндеттер жүктелуде

Медициналық қызметтерді сапалы әрі қолжетімді етуде жаңа міндеттер жүктелуде

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар медициналық мекемеде болып, жұмыстарын бақылады.

Қалалық онкологиялық орталығында атқарылған профилактикалық шаралардың нәтижесінде қатерлі ісік ауруларын I cатыда анықтау 23,0%-дан 27,1%-ға, ал науқастардың 5 жыл және одан артық өмір сүруі 51,5%-дан 53,9%-ға өскені байқалуда. Былтыр орталықта арнайы ем шаралардан 7831 науқас өтіп, оның ішінде 2 886-ы химиотерапиялық, 2 428-і хирургиялық, 1351-і сәулелік ем қабылдаған. ПЭТ КТ құралынан қатерлі және қатерлі емес ісіктерді диагностикалаудан алдыңғы жылы 950, ал сызықтық үдеткіш сәулелі ем шарасынан 794 науқас өткен.

Асар шағын ауданындағы «Даумед Хадиша» клиникасы – жоспарлы түрде стационарлық көмек көрсетуге арналған орталық. Емдеу мекемесінде хирургия, нейрохирургия, гинекология, кардиология, кардиохирургия, травматология және инсульт орталықтары бар. Қала басшысы жаңадан пайдалануға берілген орталықтың дайындығымен танысты. Жеке кәсіпкердің есебінен салынған нысан УДЗ, ЭКГ, ЭФГДС, МРТ кабинеттерімен жабдықталған.

Ғабит Сыздықбеков басқарма басшысына халыққа медициналық көмек көрсетуді бастау үшін клиниканы жедел қаржыландыру тетіктерін қарастыруды тапсырды.

Қала басшысы Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында да болды. Дәрігерлер науқастарды Орта Азияда теңдесі жоқ «Арыс Мт» құрылғысымен емдеуде. Барокемарада күйік шалған, түрлі дәрежеде уланған, қан қысымы көтерілген, қант диабетіне шалдыққан пациенттерге терапиялық, хирургиялық емдер жасалады. Қала әкімі жауаптыларға ғимарат мәселесін оңтайлы шешуді жеткізді.

Стационарлық жағдайда мамандандырылған Қалалық перзентханада 180 төсек орын бар. Жылына 12 мыңнан аса сәби туылатын мекеме күрделі жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базасы жаңартылған. Қазіргі таңда мұнда 58 білікті дәрігер, 200 орта, 98 кіші медқызметкер жұмыс істейді.

Басқарма басшысы мен бас дәрігерлерге өзекті мәселелерді шұғыл шешіп, халықтың денсаулығын жақсартуда нақты тапсырмалар жүктелді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР