2024-04-25 04:34:47
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Корпорация қолға алған игі бастамалар

Корпорация қолға алған игі бастамалар

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Шымкент қаласының инвестициялық белсенділігін арттырушы аймақтық институт болып саналады. Қаланың инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында ұйым өзінің негізгі қызметінің бағыттарын айқындап үлгерді. Соның ішінде ӘКК көңіл бөлетін басты бағыт ол  Шымкент қаласындағы тұрғын үй құрылысы.

Осы орайда ӘКК мамандары инвесторларды көпқабатты тұрғын құрылысын, сонымен бірге емхана, мектеп секілді әлеуметтік нысандар салуға шақырып, тиімді ұсыныстарымен қызықтыруда.

Бүгінгі таңда ұйымның инвесторламен бірлескен іскерлік портфелінде 440 млрд теңгені құрайтын 61 жоба бар. Оның 35 жобасы көпқабатты тұрғын үй құрылысының саласына тиесілі. Осы жобалардың нәтижесінде алдағы 5 жылда 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Қаладағы қарқын алған құрылыстың мысалы ретінде жаңадан бой көтеріп келе жатқан Шымкент сити шағын ауданын айтуға болады. Онда ӘКК және инвесторлармен бірлескен тұрғын үй құрылысы бойынша 10, ал мектеп құрылысына қатысты 3 жоба жүзеге асуда. Аталған жобаларды қолға алу арқылы келешекте 40 мың шаршы метр тұрғын үйді және 2900 оқушыға арналған 3 мектепті пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бүгінде бұл нысандардың құрылысы құрылыс нарығында әбден танылған «BI group», «Отау-Строй», «OKS», «Орда Строй групп» және тағы сол секілді басқа да мердігер компаниялардың қатысуымен жүргізіліп жатыр.

Осылайша көптеген жылдар бойы идея күйінде қалып келген «Шымкент сити» жобасының бойына қан жүгіріп, бұл шағын ауданда құрылыс жұмыстары қарқын ала бастады.

Ресми дерек бойынша 2018-2021 жылдары Шымкент қаласында барлық инвестиция көздерінен 2 624,5 мың шаршы метр үй пайдалануға берілген. 2022 жылғы жоспарда 1 060 мың шаршы метр үйді ел игілігіне тапсыру көзделуде. Оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде бюджет есебінен 239 мың шаршы метр баспана салынуда. Жыл басынан бергі қаңтар-мамыр аралығында жеке инвестиция көздерінен халыққа 181 мың шаршы метр үй үлестірілген. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үй құрылысының көрсеткіші 44,5 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР