2024-05-02 03:08:19
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Индустриалды аймақтар – экономиканың қозғаушы күші

Индустриалды аймақтар – экономиканың қозғаушы күші

Мегаполисте 92 гектар аумаққа орналасқан «сауда-логистикалық аймағының» инфрақұрылымын тартуға мемлекет есебінен 1,7 млрд теңге қаражат кетті. 24,5 млрд. теңгеге 3 инвестициялық жоба іске асырылды. Қазір мұнда шамамен 185 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, онда 19 млрд теңгені құрайтын 5 жаңа инвестициялық жоба қолға алынып жатыр. Жобалар толық іске қосылғанда 500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.. Ал бюджетке түскен салық көлемі 820 млн теңгеге жетіп отыр.

2021 жылы Шымкентте 306 гектар аумаққа созылған «Жұлдыз» индустриялды аймағы құрылды. Келесі жылы 3,3 млрд теңге болатын 6 жоба іске қосылады. Және 400-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.  Мұнымен қоса 2022-2026 жылдар аралығын қамтыған 230 млрд теңге көлемінде инвестиция құятын 50 компанияның жобалар пулы дайындалды.

«Жұлдыз» индустриалды аймағында 2025 жылға қарай өндіріс көлемі 5% — ға ұлғайып, 20 млрд теңгеден астам салық түседі деп күтілуде. Индустриялды  аймақ аумағы 25% — ға толып тұр. Өз кезегінде 2023 жылы тамақ өнеркәсібіне арналған «Бозарық» индустриялды аймағын құруға жалпы ауданы 132 гектар аумақта инженерлік-инфрақұрылымдық желілер тартылатын болады.

ӘКК жетекшілік ететін Тұрақтандыру қоры «Шымкент қаласындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №801 қаулысына сәйкес қызмет атқарады.

Жалпы 18 кәсіпкерге 5,8 млн теңге қарыз берілген. Аталған кәсіпкерлер мегаполистегі 40-тан аса сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада сатылымға шығаруда.

Сонымен бірге жоғарыда аталған департамент өз қызметі шеңберінде әлеуметтік зерттеулер, қаланы жайлы етуге жетіспейтін жатқан сервистер тұрғысынан тұрғындарға сауалнама жүргізу, сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үй алаптарындағы аулалар мен гүлзардарды абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Үшінші мегаполистің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында 2020 жылғы мамырда «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ базасында инвесторлар мен кәсіпкерлерді сүйемелдеу мен кеңес беру үшін Фронт — офис құрылған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР