2024-04-24 10:06:40
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ерекше үлгідегі гүлзар

Шаһар басшысының қала аумағындағы жасыл желек көлемін ұлғайту тапсырмасына орай, Орталық, Абай, Тәуелсіздік саябақтарына және Чернобыль құрбандарын еске алу мен А.Асқаров атындағы дендрологиялық паркіне жалпы саны 250-дей туя, арша, жай жапырақты ағаш көшеттері отырғызылуда.

Алдағы уақытта қала аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларға 4000 түп ағаш көшеттері егілетін болады.

Шымкентте ерекше гүлзар тұрғындардың пайдалануына берілді. Нысанның ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Демалыс орны 11-шағынауданның ортасынан орын тепкен. Мұрат Дүйсенбекұлы саябақты аралап, жергілікті тұрғындармен тілдесті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаламызда тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Міне, соның бірі – жаңа гүлзар ел игілігіне беріліп отыр. Мұның барлығы – сіздер, тұрғындар мен балалар үшін. Ендігі мақсат – осы ортақ мүлікті күтіп ұстап, қамқорлық таныту керек, – деді Мұрат Әйтенов.
Тұрғындар қалада абаттандыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға алғыс айтып, ақ жаулықты аналар батасын берді. Қала әкімі бастаған қонақтар гүлзар аумағына тал көшеттерін екті.
Жаңа гүлзар ерекше үлгіде салынған. Жауапты мамандар, бұл демалыс орны, әсіресе кешкі уақытта әсемдене түседі дейді.
Гүлзар жалпы аумағы 1,6 гектар учаскеде орналасқан, көп қабатты бірнеше үйдің ауласын ортақ композицияға біріктіріп отыр.
Мұнда амфитеатр, субұрқақтар, шахматқа арналған алаң, велосипед және көлік тұрағы, үстел теннисіне арналған алаң, тренажерлар, баскетбол және футбол алаңдары, арқан паркі қарастырылған. Бас мердігер – «Импульс» ЖШС құрылысты 9 айда аяқтауға жақын.

Республика күні мерекесіне орай Шымкент каласындағы Қазыбек би мен І.Есенберлин көшелерінің қиылысында гүлзардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Тұрғындарға мерелік тарту ретінде ашылған гүлзар демеушілердің қаражаты есебінен салынған. ARG компаниясы А.С.Пушкин атындағы кітапхананың ескі ғимаратының орнын абаттандырып, тұрғындарға демалыс орнын салып берді.

—Азаматтық, жомарттық танытып, мереке күні халыққа осындай үлкен гүлзар ашып беріп жатқан ARG компаниясының басшылығына алғыс айтамын. Қаламыздағы өзге де ірі мердігер компаниялар осындай қолдау көрсетіп жатса, бұл қаланың дамуына зор қолдау болмақ, — деді М.Әйтенов.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР