2022-11-28 13:27:15
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Диспетчерлік қызмет орталығы тәулігіне 870-тен астам автобус маршрутын бақылайды

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 6 наурызында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.

Мекеме қала аумағындағы қоғамдық көліктерге диспетчерлік қызмет көрсету, кестені сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың және шағын автобустардың қалаларда, қала маңындағы үздіксіз және тұрақты қозғалысың қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар жолаушылар тасымалы инфрақұрылымдарын жаңарту мен күрделі өзгерістерге байланысты қоғамдық көлік қозғалысы жобалары мен жүру сызбасын дайындаумен айналысады.

Қала аумағындағы көлік инфрақұрылымы құрылыс жұмыстарына байланысты , осы күнге дейін 1000-ға жуық сызба әзірленген.

Аталған мекемеге қатысыты тағы бір қызмет түрі – диспетчеризация.
Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесі арқылы іске асырылады. Операторлар қоғамдық коліктерде орнатылған GPS-құрылғылар арқылы нақты уақыт режимде үздіксіз берілетін ақпарат арқылы көліктердің бекітілген сызба бойынша жүруін, сызбадан тыс шығуы, GPS-құрылғыларының дұрыс жұмыс жасамауы секілді жағдайларды бақылайды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған жағдайда, орталық тарапынан басқармамен бірлесе қатаң шара қолданылады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар тасымалы саласында үлкен жұмыстар атқарылды. Автобус паркі толығымен жаңартылып, жаңа көліктер сатып алынды. Сонымен бірге қолма-қол ақшаның орнына Төлем жүйесі енгізілді. Бұл жолушылар үшін өте ыңғайлы. Жолақыны есептесуде жолаушылар Төлем карточкасының нәтижесінде бүгінде ешқандай қиындық көрмейді. Сонымен бірге осы күні жолаушылар тасымалы саласында кондукторсыз жүйе пилоттық негізде бірте-бірте жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР