2022-09-27 19:16:08
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Биылғы марафонда рекорд орнады

Шымкентте 5-ші рет өткен жүгіру марафонында биыл  рекорд орнады. Оған 5 мыңға жуық азамат қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға дейін бар.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алынған бұқаралық сайыстың жүлде қорына 11 млн теңге қойылды.

Марафонға әр облыс, қаладан және алыс-жақын шетелдерден атап айтқанда, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтық бойынша бақтарын сынады.

Ең ұзағы — 42 шақырым. Оны Шохрух Давлатов есімді желаяқ бірінші болып бағындырды.  Көрші ел Өзбекстан Республикасынан келген марафоншы аталған аралықты 2 сағат 25 минутта жүгіріп өтті.

Бұдан бөлек, 5, 10 және 21 шақырымдық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлақтармен марапатталды.

Жалпы марафон бағдарламасына скандинавиялық жүріс пен экиден сынды бағыттар да қосылды.

Алдағы уақытта ұйымдастырушылар спорттық шараны тұрақты түрде өткізіп, оның форматы мен ауқымын кеңейтуді жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР