2022-09-28 02:54:02
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Басты мақсат импортқа тәуелділікті азайту

Ауыл шаруашылығы бойынша өсім көрсеткіші Шымкентте 107 пайызға артқан. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаның талабына сай еңбек өнімділігі бойынша жылдық жоспар – 4.5 миллион теңге. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру агротехнологиядағы соңғы жетістіктерді енгізу арқылы мүмкін болмақ. Қазірдің өзінде жылыжай шаруашылықтарында көптеген кәсіпкерлер автоматты басқару жүйелерін, одан бөлек өнімділігі жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін агротәсілдерді пайдаланудың арқасында жұмыс күшін жеңілдетіп, зор табысқа кенеліп отыр.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 1,2 млрд. теңге болды. Жалпы жоғарыда аталған Ұлттық жоба шеңберінде биылғы жылы мегаполистің агроөнеркәсіп кешеніне 6.4 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген.

Осы ретте тамақ өнімдерінің негізгі капиталына салынған инвестиция мөлшері  2,4 млрд. теңгеден асқан. Жауапты сала мамандарының сөзінше, биылғы жылы агросалада құны 11 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Сүтті және жеміс пен көкөністі қайта өңдеу саласына тоқталсақ, 4 жобаны іске асыру міндеті тұр. Олардың жалпы құны 1,5 млрд. теңге. «Кемран», «Дони LTD», «Керемет Сапа» серіктестіктері аталған жобаны қолға алу арқылы  40-тан астам азаматты жұмыс орнымен қамтымақшы.

Жалпы Ұлттық жобада белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мен соған сәйкес шараларды орындаудың нәтижесінде мегаполистің ауыл шаруашылығы саласында жаңадан 274 жұмыс орны ашылып, көкөніс өндіру – 2 мың тоннаға, сүт өндірісі – 8,5 мың тоннаға,  жеміс-көкөністерді сақтау 13 мың тоннаға, өндірілген жұмыртқа – 125 млн. данаға,  сүтті қайта өңдеу көлемі – 2,7 мың тоннаға, құс етін өндіру – 5 мың тоннаға ұлғайып, жеміс пен көкөністерді консервілеу 6 млн. банкаға жетеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының құрылысы басталды. Бұл ауқымды бастамалар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, стратегиялық басым бағыттардың бірі ретінде – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз етуіміз керек деген тапсырмасына сәйкес  жүзеге асып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР