2024-03-19 07:42:56
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Балаларды қорғау күніне орай 4 ойын алаңшасы тарту етілді

Балаларды қорғау күніне орай 4 ойын алаңшасы тарту етілді

Шымкент қалалық Тұраны ауданының аумағында биыл  «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 балалар ойын алаңшасы салыну жоспарланған. Бүгін 1 маусым — Балаларды қорғау  күніне орай 4 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, елдің игілігіне берілді.

Олар Құрсай елдімекендегі Құлаңтөбе көшесі, Бәйдібек би көшесі №246, Ақтас елді мекені, Отырар шағын ауданындағы №52 тұрғын үй ауласы. Бүгінгі шараға балалармен бірге ересектер де қуанып, ашылу салтанаты тұсында мерекелік көңіл-күймен түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылды.

Ал қалған 9 балалар ойын алаңшасы да көп ұзамай халықтың қолданысына берілетін болады.  Төмендегі тоғыз алаңшасының тізімін ұсындық:

  1. Құрсай е/м Бекболатов көшесі;
  2. Құрсай е/м Сатқанбаев көшесі;
  3. Құрсай е/м Әулиекөл көшесі;
  4. Құрсай е/м Ұзынағаш көшесі;
  5. Қазығұрт е/м Оңдасынов көшесі;
  6. Жарқынбеков көшесі №17;
  7. 112 орам;
  8. Ақжар елді мекені;
  9. Арғымақ елді мекені.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР