2024-04-26 04:29:33
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Балалар жылының жемістері

Республиканың үшінші мегаполисінде де Балалар жылы аясында біршама іс-шаралар ұйымдастырылып, игі істер қолға алынды. Әлі де жалғасын тауып жатыр. Соның бір мысалы,  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Мектепке дейінгі дамыту орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Жасыл технологиялар баланың көзімен» атты тақырыптағы байқау. Ол ағымдағы жылдың 11 қазан күні «Айналайын балапан» бөбекжай бақшасының ғимаратында өтті. Байқауға 34 балабақшадан 100 -ге жуық бүлдіршіндер қатысты.

Байқаудың мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың назарын қоршаған орта проблемаларына аударуға бағытталды.

Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған № 61 «Нұртас» бөбекжай бақшасынан Мейірбек Мағжаның және №70 «Шолпан» бөбекжай бақшасынан Абзалқызы Айнисаның жұмыстары Республикаға жолданды.

Жалпы балалар тәрбиесі мен біліміне жауаптының бірі ұстаздар десек, мемлекет педагогтарға қамқорлықты аяп жатқан жоқ. Мәселен, 2020 жылдан бастап  бүгінге дейін ұстаздар жалақысы 75 пайызға өсті. 2023 жылы тағы 25 пайызға өсіп, нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге артады.

Сонымен бірге «Балалар жылы» шеңберінде бюджеттен 44,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, бастауыш сынып оқушылары 100 пайызға тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Тағы білім ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесімен, дабыл батырмасымен турникеттер және І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен толық қамтылды. Ал, материалдық-техникалық базаны жаңарту үлесі 32- ден 72 пайызға артты.

Оқушыларды қосымша біліммен қамту мақсатында спорт және мәдениет салаларына алғаш рет жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді. Сол арқылы балалар қосымша үйірмелерге қатысуға мүмкіндік алып, мектептен тыс қосымша білім алатын оқушылар үлесі бір жылда 49-дан 76 пайызға өсті. Бұл көрсеткішті жергілікті әкімдік тарапынан 2023 жылы 85 пайызға, ал 2025 жылға қарай 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ қала ұстаздарының ерен еңбегінің нәтижесінде, оқушылар халықаралық, республикалық пәндік білім сайыстарынан 10 алтын, 17 күміс, 33 қоланы  жеңіп алды. 200-ден астам оқушы жүлделі орындар иеленді.

Шымкент қаласындағы 871 білім беру ұйымында 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студент білім алады. Яғни, мегаполистегі әрбір үшінші адам ұстаздан тәлім терген жас.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР