2022-11-28 14:41:08
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бадамдықтардың көтерген мәселелері шешімін тауып келеді

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың халықпен кездесуі бекітілген кестеге сәйкес Бадам ауылдық округінде жалғасты.

Аудан басшысы бадамдықтарға жыл басынан атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады және алғашқы кездесуде халық тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына тоқталды.

Айта кету керек, бадамдықтармен болған алғашқы кездесуде бас-аяғы 26 ұсыныс-пікір білдірілген. Олардың дені коммуналдық салаға тиесілі. Жалпы, 7-еуі орындалған, 4-еуі орындалу үстінде, 15–і ауданның 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілген.

— Біз ауылдардың барлығын түгел аралап шығып, арнайы карта әзірледік. Яғни, қай ауылда қандай мәселе бар, сараладық, шығынын есептедік, шешу жолдарын қарастырдық. Нәтижесінде, 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары дайындалып, барлық мәселені шешу үшін 152 млрд.тг.астам қаражат керек екені белгілі болды. Соның ішінде Бадам ауылдық округіндегі мәселелерді шешуге 26 млрд.тг. қажет. Әрине бұл аз қаражат емес. Біз әр жылға сол қаражаттарды бөлдік. Жарықтандыру, ауыз су жүйесін жүргізу, газ тарту, жол салу жұмыстары, әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Яғни, халық тарапынан көтерілген мәселелер бірер жылда шешімін табатын болады, — деді аудан басшысы.

Жалпы, Бадам ауылдық округі тұрғындары біраз уақыттан бері көмірмен жұмыс істеп, қоршаған ортаға зиянын тиігізіп келген, одан бөлек көрінген жерді қазып, топырақ алып келген бірқатар қыш зауыттарының жұмысына наразылықтарын білдіріп келген. Кездесу барысында бадамдықтар аталған мәселелерге аудан әкімінің бей-жай қарамай, тиісті шаралар қабылданып жатқандығын мақтанышпен айтты. Топырақ алу үшін заңсыз қоршалған жерлер шетінен қайтарылып жатыр және фильтр орнатпаған қыш зауыттарына белгілі бір мерзім белгіленді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан жол салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін үйлестіріп беру, трансформатор орнату, балалар және спорт алаңшаларын орнату, су арналарын тазарту мәселелері көтерілді. Өз кезегінде аудан басшысы барлық сауалдардың назарға алынғандығын, ауданның қаржылық әлеуетіне қарай шешілетін жұмыстарды белгілі бір мерзімде реттейтіндігін жеткізді. Кейбір мәселелер кешенді жоспарға сәйкес жүргізілетіндігін айтты.

Шара соңында аудан әкімі бадамдықтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР