2024-04-19 10:05:29
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

AstanaBuild-2023 халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өткізілді

AstanaBuild-2023 халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өткізілді

Бұл іс-шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков қатысып, құрылыс саласындағы өнімдерді бағамдап қайтты.

AstanaBuild-2023 алаңында құрылыс және көркем интерьер саласына қажетті тың технологиялар, әдістер мен стандарттар ұсынылды. Көрмеге келген халық құрылыс пен жөндеу жұмыстарына арналған заманауи материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ интерьер дизайны мен жобалау жұмыстарында таптырмас озық шешімдер мен құралдардың мүмкіндіктерін пысықтап,  білікті мамандардың ақыл-кеңестерін тыңдай алды.

«Мұндай көрмелер құрылыс нарығында қолданылатын жаңа технологиялар және материалдармен танысу үшін қажет. Сондай-ақ осындай іс-шараларда бірнеше компания бас қосып, озық технологияларды тиімді қолдану бойынша өзара ой бөліседі», деді Б.Жүнісбеков.

Экспозицияға Қазақстан, Беларусь, Ресей, Германия жане Қытайдан келген 70-тен астам қатысушының өнімдері қойылғанын айта кетейік. Олардың арасында Омбы, Челябі облыстары мен Ұдмұрт Республикасынан келген компаниялардың ұжымдық стендтері де бар. Көрменің модераторы «Мемсараптама» BIM-технологиялар басқармасының басшысы Саламат Серікқалиев келушілерге BIM-технология бойынша бюджетті оңтайландыру бағытында тың мәліметтерді айтып берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР