2024-04-25 09:21:19
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Асар-2 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды

Асар-2 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының Асар-2 елді мекенін инфрақұрылыммен қамту жұмыстары былтыр аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешілген болатын.

Алайда мыңға жуық үй жобадан тыс қалып, сапалы ауыз су, электр қуаты мен табиғи газға қосылмай қалған. Қазіргі таңда осы мәселенің түйіні тарқатылып, халықтың өтініші орындалуда.

Асар-2 елді мекеніндегі қалған аумақты сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс толық аяқталды. Биыл жасалған жұмыстар нәтижесінде 53 шақырым су құбыры жүргізілді.

Ескерер жайт, мердігер мекеме ауыз су құбырын тұрғындар үйінің есік алдына дейін жеткізіп береді. Ары қарайғы жұмыс, яғни үй ішіне кіргізіп, оны қосу әр үй иесінің жеке жауапкершілігіне жүктеледі.

Абоненттеу жұмыстары үшін қажетті құжаттарды «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ға  өткізу керектігін хабарлаймыз!

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қаратау ауданының 91,6 %- сапалы ауыз суды тұтынады. 2023 жыл соңына қарай, аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, жергілікті халық сапалы ауыз сумен 100% қамтылады”-деді аудан әкімі.

Енді Шымкент қаласының жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне келсек, инженерлік инфрақұрылым бойынша биыл ауыз сумен қамту деңгейі 99 пайызға, кәріз жүйесі 60 пайызға, электр қуаты 99 пайызға, табиға газ 94.7 пайызға жеткізілді. Электр энергиясы мен ауыз су келесі жылы жүз пайыздық межені бағындырса, табиғи газбен қаланы толық қамту 2025 жылға қарай жоспарланып отыр. Сондай-ақ алдағы 3 жылда мегаполистегі кәріз жүйесі 75 пайызды құрайтын болады. Қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарына тоқталсақ, өткен жылы ол 43 пайыздан асса, биыл 57 пайызға дейін артады. 1758 шақырымды құрайтын әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылып жатыр. 2025 жылға қарай бұл межені 75 пайызға жеткізу жоспарда тұр.

Сонымен бірге мегаполисте 95 пайызға автобустар паркі жаңартылды. Қоғамдық көліктерге карточкалық жаңаТөлем жүйесі енгізілді. Осыдан төрт жыл бұрын жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары 98 шақырымда жүргізілсе, қазір ол 351 шақырымға өсті. 2 жолайрық құрылысы салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР