2024-04-25 06:38:20
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Арғынбеков көшесі 1 айдан соң көлік қозғалысына ашылады

Арғынбеков көшесі 1 айдан соң көлік қозғалысына ашылады

Шымкенттегі “Бәйдібек би” даңғылы мен “Арғынбеков” көшесінің қиылысында жолайрық құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Бұл, өз кезегінде аталған көшеде көлік кептелісін болдырмауға зор септігін тигізеді.

Жұмыс барысының кезеңдік кестелерге сәйкестігі мен сапасын тексеру мақсатында шаhар басшысы құрылыс нысанын көріп шықты. Керекті ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысандағы жұмыстар сапасына деген жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

Жолайрықтың техникалық сипаттамасына сәйкес, “Бәйдібек би” даңғылында 700 м., “Арғынбеков” көшесінде 921 м. көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек.

Қазіргі уақытта “Арғынбеков” көшесі бойымен тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал “Бәйдібек би”даңғылында көпір өткелінің конструкциялары орнатылуда.

Арғынбеков көшесі 1 айдан соң көлік қозғалысына ашылады

Естеріңізге сала кетейік, жолайрықтың “Бәйдібек би” даңғылы бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған еді. Кейіннен тамыз айының 31 күні көлік кептелісін азайту мақсатында “Бәйдібек би” даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша қайта ашылған болатын.

Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, жоспар бойынша қараша айының 30-нан бастап “Арғынбеков” көшесі көлік қозғалысына ашылатын болады.

Жергілікті әкімдіктің жоспарына сәйкес 2022 жылдың соңына дейін асфальтобетон жамылғысы бар және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі мегаполисте 67,4 пайызға жеткізілетін болады. Шаһарда автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бүгінгі таңда 3 мың шақырымнан асады. Оның жартысынан астамы асфальтобетон жолдар. Мың шақырымдайы шағал тас төселген көшелер. Қалған 150 шақырымнан астам топырақ жол. Автомобиль жолдарының сапасын жақсарту бағытында қала билігі тиісті жұмыстарды қолға алып жатыр.

Осыған орай биыл мегаполистің 351 шақырым жолында жөндеу жұмыстары қарқын алды. Соның ішінде 67 шақырым жол жаңадан салынуда немесе қайта жаңартылады. Қалғаны орташа немесе күрделі жөндеуден өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР