2024-03-29 03:46:56
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Алдағы күндері ауа райы күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады

Алдағы күндері ауа райы күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады

Қазгидромет Қазақстанның 10 өңірінде ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Citynews.kz сайты ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Күндіз 11 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде және шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Талдықорған қаласында күндіз 11 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 11 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 сәуірде Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 11 сәуірде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

11 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында 11 сәуірде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 сәуірде күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қаласында 11 сәуірде күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

11 сәуірде Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 11 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында күндіз 11 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 11 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

11 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 11 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 11 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР