2024-03-28 17:37:54
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Әкімшілік іс жүргізуде мемлекеттік тілге басымдық берілуі тиіс»

«Әкімшілік іс жүргізуде мемлекеттік тілге басымдық берілуі тиіс»

«Шымкент қаласының Полиция департаментінде «Әкімшілік сот ісін жүргізу тілінің қағидатын сақтау, әкімшілік іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіруді болдырмау» тақырыбында  «дөңгелек үстел» жиыны өтті» делінген Шымкент келбеті газетінің фейсбуктегі парақшасында.

Шымкент қалалық сотының бастамасымен ұйымдастырылған жиында Жол полициясы, жергілікті полиция инспекторлары және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың әкімшілік сот ісін жүргізу тілінің қағидатын сақтауға мән беру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауды болдырмаудың алдын алу мәселелері талқыға түсті.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абдуғаппар Бекназаров инспекторлар тарапынан барлық әкімшілік құқық бұзушылық істер мемлекеттік тілде жүргізілуі керегін атап өтті. Заңнамада мемлекеттік тілде іс жүргізу нақты көрсетілген. Қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылуы мүмкін. Дей тұрғанмен мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан, жоғарыда айтылғандай ұлт құраушы халықтың тілі қазақ тілінде барлық сот істерінің жүргізілуіне негізгі басымдық берілу қажеттігі бас айтылды.

– Қазіргі таңда іс жүргізу тілін анықтау және оны қолдану кезінде әлі де бірқатар мәселелер бар. Жоғарғы Сот барлық істерді мемлекеттік тілде жүргізуге басымдық беруді талап етіп отыр. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін уақтылы, жан-жақты, толық іске асыруды қамтамасыз ету қажет.

Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде лауазымды тұлға құқық бұзушыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, сонымен қатар, өзі еркін білетін тілде сот ісін жүргізу тілін таңдау құқығын беруі тиіс, – деді А.Бекназаров.

Шымкент қалалық сотының судьясы Нәзира Аманқұлованың айтуынша, 2022 жылдың 8 айында сот өндірісіне 7939 материал келіп түскен. Оның ішінде 7263 (91,5 пайыз) материал мемлекеттік тілде, 676 материал (8,5 пайыз) орыс тілінде түскен.

Жиында Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков азаматтардың құқықтарының бұзылу фактісін жою мақсатында ай сайын осындай бірлескен іс-шараларды өткізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР