2024-03-29 12:08:58
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әкім Абай ауданы халқына есеп берді

Әкім Абай ауданы халқына есеп берді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Президент тапсырмасына сәйкес халықпен кездесіп атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беру науқаны басталды. Алдымен шаһар басшысы Абай ауданының тұрғындарымен жүздесіп, есепті мерзімде қолға алынған тірліктер жайында баяндап берді.

Абай ауданы 34 елді мекеннен құралған, 300 мыңнан астам халық тұрады. Ауданға қарасты Қызылжар тұрғын алабында 2021 жылы бюджет есебінен 154 млн.теңгеге ауыз судың құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Биылғы жылы «Оңтүстік ЖарқТранзит» АҚ тарапынан электр желілері жаңартылып жатыр. Құрылысты аяқтау мерзімі осы жылдың ІV тоқсаны деп жоспарланып отыр. Тұрғын алап жүз пайыз табиғи газбен қамтылған. Сонымен бірге биыл жыл соңына дейін базалық станцияның құрылысы аяқталады.  Соның нәтижесінде тұрғындар сапалы интернетке қол жеткізетін болады.

Ал Алтынтөбе тұрғын алабында биыл Ізетілеу көшесі толықтай жарықтандырылды.  Бүгінгі таңда Ақниет шағын ауданы ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен жүз пайызға қамтамасыз етілген. Енді тек жыл аяқталғанша талшықты-оптикалық интернет желісін тартып бітіру ғана қалып тұр.  Қызылжар мен Жайлау шағын аудандарында да коммуналдық мәселелер толық шешімін тапқан. Ал Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары аралығында атқарылады.

Құрсайға келетін болсақ, мұнда мердігер компаниялар тарапынан ауыз су, электр жарығы, табиғи газ бойынша ЖСҚ дайындалып, құрылыс жұмыстары келер жылы қолға алынатын болады. мәселен аталған шағын ауданда халықты ауыз сумен қамту 66 пайызға, электр жарығы мен табиғи газ 83 пайызға орындалған. Ақжар тұрғын алабында тұрғындардың 71 пайызы «көгілдір отын» тұтынса, бүгінде қалған үйлерге табиғи газ тарту бойынша жұмыстар қолға алынып, ол жылдың соңына қарай бітеді деп күтілуде.

Сондай-ақ биыл Самал-1 шағын ауданының 1.8 шақырымды құрайтын көшесіне аяқжол салынды.

Бүгінгі таңда Нұршуақ шағын ауданын табиғи газмен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жобасының құны 2.7 млрд теңгені құрайды. Жоспар бойынша газдандыру жұмыстары келер жылы аяқталады деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР