2024-06-13 21:27:53
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әкімшілік іскерлік орталығындағы өрт сөндіру депосы тамызда аяқталады

Әкімшілік іскерлік орталығындағы өрт сөндіру депосы тамызда аяқталады

Бүгінде қала аумағында бірқатар өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығынан бой көтеруде. Қала әкімі М. Әйтенов 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысып, сапасын қадағалады. Жоспарға сәйкес, орталық әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Нысанның құрылысы биыл тамыз айында аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Қазір монтаждау және ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары мен абаттандыру құрылысы 80 пайызға аяқталған. Құрылыс алаңына 80 жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған.

Аралау барысында қала әкімі жауаптыларға ғимараттың тиісті талаптарға сай жабдықталуын бақылауды, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, Тұран шағын ауданында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің және Қайнар-бұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағының құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр. Ал 2025 жылы Солтүстік-Саяжай тұрғын алабында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені салынатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР