2024-03-29 05:34:22
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Адырбеков көшесі ашылды

Адырбеков көшесі ашылды

Бүгін Адырбеков көшесінің Жібек жолы көшесінен Ілияев көшесіне дейінгі аралығы ашылды. Ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, атқарылған жұмыс барысымен танысты.

Ұзындығы 3,74 шақырымдық жол Алдияров көшесінен Т.Рұскұлов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жоба бойынша ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар көзделген.

Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталып пайдалануға беру жоспарланған.

2018-2020 жылдары Рысқұлов көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі аралықты қамтитын 800 метр жолға қайта құру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде Жібек жолы көшесінен Тәуке хан даңғылына дейінгі аралықта қайта құру жұмыстары атқарылуда.

Ал Жібек жолы көшесінен Ілияев көшесіне дейін асфальт төсемінің екінші қабаты төселіп, Ілияев көшесінен Тәуке хан даңғылына дейін инженерлік жүйелер орын ауыстырылуда және жолдың қазаншұңқыры дайындалуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР