2024-03-04 21:03:29
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Абайлаңыз, жылан!

Абайлаңыз, жылан!

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы жыл басынан бері тұрғындардың өтінішімен 17 рет шақырту алып, жылан аулаған. Сондықтан мамандар көктем айларында жыланнан сақ болуға шақырады.

Мамандардың айтуынша, жыландарда сәуірдің ортасынан мамырдың соңына дейін жұптау процесі жалғасады. Осы кезеңде улы жәндік адам өміріне қауіпті. Қауіптіліктің алдын алуда мына ережелерді ұстаныңыз.

Жыланды байқағанда бірден 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, сонда ол адамға ұмтылмайды.

Жылан шағып алған адамды бірден жатқызыңыз, қозғалтпауға тырысу керек.

Жарадан уды өз бетінше алып тастауға, тістеген жерді байлауға тырыспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарын, көп мөлшерде су ішкізіп, мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз.

Жекеменшік үйлердің аумағын тазартып, іргетастағы жарықтарды герметизациялау қажет.

Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР