2024-06-13 21:52:52
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

28 маусымда Құрбан айт намазы оқылады

28 маусымда Құрбан айт намазы оқылады

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Әбдрахманов Құрбан айт мерекесіне орай баспасөз брифингін өткізді. Қаланың бас имамы Құрбан айт намазы шаһардағы барлық мешіттерде 28 маусым күні таңғы сағат 6:30-да оқылатынын мәлімдеді.

Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі оффлайн және онлайн форматта өтеді. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында qurban2023.kz сайты іске қосылған.

–«Құрбан» сөзі «жақындау» деген мағынаны береді. Исламда әрбір балиғатқа жеткен, сапарда болмаған және дүние-мүлкі нисап мөлшеріне жеткілікті мұсылманға құрбандық шалу уәжіп. Құрбан айттың негізгі мәні — мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Осы ретте кәсіпкер азаматтарды мейрам қарсаңында мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға шақырамын. Мейірімділік пен бірлікке үндейтін мерекеде барынша жақсылық жасауға тырысайық, — деді бас имам.

Қала тұрғындарына Бозарық елді мекенінде санитарлық талаптарға сай арнайы мал сою орны белгіленген. Тұрғындар құрбандық шалу рәсімін арнайы орында атқару қажет. Құрбандық малға түйе, қой-ешкі және мүйізді ірі қара ғана жарайды.

Сонымен қатар, мерекеге орай Орталық Ақ мешітте “Айт Думан” іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР