2024-03-28 13:33:13
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр

2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр
Шымкент – саламаттылыққа бет түзеген қала. Шаһарда бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын қолжетімді ету мақсатында алдағы бес жылда 6 спорт кешені салынады. 2021 жылы бұл мақсатта екі  жоба іске асты.
Қалада 2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 33 %-ға жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 2021 жылы отыз бір, 2022 жылы 31,5, 2023 жылы 32, 2024 жылы 32,5 және 2025 жылы отыз үш пайызға артпақ.
2021 жылы 6 стрит-воркаут алаңын апйдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде, 7 воркаут алаңы халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, шаһарда 5 жылда 80 шағынауданда спорт секциясын ашу көзделуде. 2021 жылы 37 спорт секциясы ашылды.
Одан бөлек, 2021 жылы жетпіс үш спорт алаңын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде 115 спорт алаңының құрылысы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР