2024-03-29 16:08:12
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалған

12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалған

Шымкентте денсаулық сақтау нысандарының басым бөлігі күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындарға сапалы қзымет көрсетіп келеді. Ал бұл салада атқарылған жұмыстарға көз жеткізу үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар денсаулық мекемелерін аралап көрді.

Шаһар басшысы барған нысанның бірі стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық перзентхананың бүгінде материалдық-техникалық базасы жаңартылып, қызмет көрсету сапасы артқан. Қазіргі таңда мекемеде 53 білікті дәрігер, 171 орта, 87 кіші  медперсонал жұмыс істейді. Қала тұрғындарына 153 төсек-орындық стационар қызмет көрсетуде.

Қалалық перзентхананың 6 ғимараты 2021 жылы күрделі жөндеуден өтіп, оған бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралған болатын. Жылына 11 мыңнан астам нәресте дүниеге келетін мекемеде жаңғырту жұмыстары нәтижесінде 12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалды.

12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалған

Ал, қалалық емханалардағы қызмет көрсету сапасы мен медицина мекемелерінің барлық қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілуін қадағалау мақсатында қала әкімі №5 қалалық емханаға ат басын бұрды.

Алғашқы медициналық-әлеуметтік  көмек  көрсететін ұйымның барлық процестері автоматизацияланған. Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер , педиатриялық учаскелер, гинекологтар, тағы басқа салалық мамандар қабылдау жүргізеді.Онда жалпы 400 -ден аса қызметкер жұмыс істеуде.

Емдеу мекемесіне 59 мыңнан аса қала тұрғыны тіркелген. Ол пациенттерге  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетіледі.

Медициналық мекемелердің қызметімен танысып шыққан қала әкімі шаһардағы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, демографиялық көрсеткішті одан әрі ұлғайту, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету басты бағыттардың бірі ретінде күн тәртібінен түспеу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР