2024-03-29 06:24:07
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Аустрия астанасында лаңкестік шабуыл болды

Аустрия астанасында лаңкестік шабуыл болды

Аустрия астанасы Венада лаңкестік шабуыл болды. Қарулы шабуылды бірнеше қаскөй ұйымдастырған, олардың бірін полиция атып өлтірді, еннді сыбайластарын іздеп жатыр. Қалада ауқымды арнайы операция жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, шабуыл алты орында, соның ішінде қала орталығындағы синагога жанында, еврей орталығы мен мейрамхана жанында болған. Құқық қорғау органдары бір адамның қайтыс болғанын, бірнеше адамның ауыр жарақат алғанын, оның ішінде полиция қызметкері бар екенін растады. Қала билігінің мәліметінше, терактіде 15 адам зардап шеккен. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметі бірнеше адамның қаза тапқаны туралы болғанын хабарлады.

Билік қала тұрғындарынан үйден шықпауды, терезеге жақындамауды сұрайды және куәгерлерге оқиға орнынан видео мен суретті әлеуметтік желіге таратпауға шақырды. Қалада қоғамдық көлік тоқтатылды. Раввин Шломо Хофмейстер журналистерге шабуыл кезінде синагога жабық болғанын айтты. Ол барға келушілерге оқ атқан кем дегенде бір адамды көрген.

3 қарашадан бастап Аустрия коронавирусқа байланысты карантин енгізді. Атап айтқанда кешке барлар мен мейрамханалар адамға толып кететіндіктен, 20:00-ден 06:00-ге дейін үйден шығу шектелді. Аустрия канцлері Себастьян Курц полиция шабуыл жасаушыларға қарсы батыл әрекет ететінін айтты.

Біз терроризммен қорқытып-үркітуге жол бермейміз және мұндай шабуылдарға қарсы бар күш-жігерімізбен күресеміз, — делінген канцлердің мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР