2024-04-24 08:32:32
15.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бірге қалыпты өмірге қайта оралайық, екпе ал!

Бірге қалыпты өмірге қайта оралайық, екпе ал!
Шымкентте 19 тамыз күні КВИ-дің төрт жүз он бес жағдайы тіркелді (белгілері бар – 329, белгілері жоқ – 86). 207 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, екі жүз сегіз  адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 780 орын бар, төсек орын толымдығы 62%-ды құрайды, 1427 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2353 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 392 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 4313 адам вакцина алды
(I компонент-1933, II компонент-2380). Егу науқаны басталғалы барлығы 408 176 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 336 030 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін қырық мобильдік топ өткен тәулікте 358 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде жеті нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қала тұрғындары мен қонақтары! Қайта қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы – вакцина. Екпе алып, өміріңізді сақтаңыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР