2024-03-29 05:29:35
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жүсіпбек Аймауытов басқарған оқу орнына — 85 жыл

Жүсіпбек Аймауытов басқарған оқу орнына - 85 жыл

Тарихы тереңде жатқан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне биыл 85 жыл. Осыған орай, Түркістан сарайында салтанатты шара өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов, ұлтымыздың мақтанышына айналған қайраткер ақын Мұхтар Шаханов, Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев сияқты тағы да басқа белгілі тұлғалар арнайы қатысып, ұжым ардагерлерін, ұстаздарды айтулы датамен құттықтады.

ОҚМПУ — 1926-1929 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық техникумы деп аталатын. Осы уақыт аралығында оқу орнын алғашқы болып басқарғандар қатарында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың да есімі бар.

1937 жылы мұғалімдер даярлайтын институт болып қайта ашылған білім ордасы осы уақытқа дейін Шымкент қаласымен бірге түрлі даму сатыларынан өтіп, бүгінде тарихы мен болашағы сабақтасып жатқан заманауи, беделді университетке айналып отыр.

Оқу ордасының тарихынан сыр шерткен шаһар басшысы бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

Жүсіпбек Аймауытов басқарған оқу орнына - 85 жыл

“Халқымыз Әділетті Қазақстан, ашық әрі әділетті қоғамның төңірегінде топтасуда. Осынау асқақ мақсатқа қол жеткізу үшін, ең алдымен, ұлт жаңа сапаға көтерілуі тиіс. Демек, ұлттық модернизацияның сәтті жүзеге асуы — отандық білім беру ісінің дамуына тікелей байланысты. Осы орайда, парасатты мемлекет құру жолында болашақ ұстаздарды даярлайтын беделді оқу орны ретінде ОҚМПУ ерекше рөл атқармақ”,-деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айтып өтейік, ОҚМПУ-да студенттердің білім алуына ыңғайлы жағдай жасалған. 3 оқу корпусы мен 4 студенттер үйі заманға сай жабдықталып, қолжетімді интернетпен қамтылған. Мамандандырылған зертханалар мен лингофонды кабинеттер, түрлі өнер шеберханалары, арт-терапия кабинеттері, кітапхана мен оқу залдары және баспахана студенттерге тәулік бойы қызмет етуде.

Жүсіпбек Аймауытов басқарған оқу орнына - 85 жыл

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР