2024-04-25 08:58:21
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

“Үздік әлеуметтік педагог” қалалық байқауы өтті

“Үздік әлеуметтік педагог” қалалық байқауы өтті

Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы “Білім беруді дамыту орталығы” КММ-нің №806 санды хатына сәйкес, №24 М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебінде “Үздік әлеуметтік педагог” қалалық байқауы өтті.

“Үздік әлеуметтік педагог” байқауына білім беру ұйымдарынан 15 әлеуметтік педагог қатысты. Ережеге сай, қатысушы педагогтар өздеріне берілген тақырыпты қорғап, күнделікті болып жатқан түрлі жағдайлармен байланыстыра отырып атқарылған жұмыстарын көрсетті.

Педагогтардың тақырыптары толығымен ашылып, байқау соңында сұрақтар қойылып, педагогтарға кемшілік тұстары айтылды.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде №24 М.Шоқай атындағы жом әлеуметтік педагогы Төребек Нұргүл алып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Сонымен қоса,

I орын С.Рахимов атындағы мектеп, Исаханов Дилизад;

II орын М.Маметова атындағы №6 мектеп, Арысова Сәуле;

ІІІ орын Ғ.Мұратбаев атындағы №5 мектеп, Отарбаева Лаззат.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР