2024-04-24 17:29:41
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістандық ерекше оқушы талантымен көпті тәнтті етті

Түркістандық ерекше оқушы талантымен көпті тәнтті етті

Валиев Розахмет Набиханұлы, Сауран ауданына қарасты Шаға ауылының тумасы. В.Вахидов атындағы жалпы орта мектептің 6-сынып оқушысы. Отбасында үш перзенттің кенжесі Розахмет тумасынан ерекше болып, 6 жасынан ән айтуды өзінің хоббиі ретінде санайды. Ол өз білімін шыңдай жүріп, мәнерлеп оқу сайыстарынан түрлі марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, 2019 жылы қазан айында Лидер kz сайтында ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық байқауына қатысып, бас жүлде иегері атанды. Артрогрипоз дертімен туған 12 жасар Розахмет—өзінің ерекше дауысымен көзге түсіп, талайды тамсандырып жүрген өнер иесі.

2021 жылы онлайн ұйымдастырылған «Жұлдызай» ХҮІ Республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне «Ана туралы» монологымен қатысып, Кентау ауданы бойынша І орынды жеңіп алды. Тағдыр тауқыметіне мойымаған бала ең алғаш үлкен сахнаға «Мухаббат» әнімен жарқ етті.

2022 жылдың сәуір айында өткен «Жұлдызай» ХҮІІ Республикалық балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып, І орынды иеленді.

1 шілде күні Түркістан қаласында ұйымдастырылған гала концертте «Әке» әніне клип түсіріліп, Қазақстанның эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетсе, 23 шілдеде Халықаралық «Central Asia`s Got Talent» телевизиялық шоудың қатысушысы болып, «Аңсайды жаным» әнін орындады.

Ал, қараша айының 10-13 аралығында Астана қаласында өткен «Арман асулары» Республикалық фестивалінде вокалдық өнер жанры бойынша «Мейірім» атты өзіне арнап жазылған әнінің тұсауын кесіліп, арнайы Дипломмен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР