2023-06-04 09:05:00
25.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Туристік экспедиция жасақтарының слеті

Ағымдағы жылдың 15-18 қараша аралығында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің директоры Сәуле Өмірсерікқызының басшылығымен Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан туристік-спорттық лагерінде «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слетінің ашылу салтанаты өтті.

Слетке аталған мекеменің қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан құралған 110 үйірмеші қатысты.

Мақсаты:

– Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау;

Ізгі ниетті, ашық және көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;

балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;

тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

Слет кезеңдері:

  1. «Туристік кедергілер жолағы» туристік жарысы.
  2. «Менің туған жерім» сайысы.
  3. «Бард әндері» байқауы.

Слеттің жеңімпаз топтарына дипломдар мен сыйлықтар табысталып, жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР