Іс-шара мақсаты — экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.<br> Ашық есік күніне:
— қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);
— дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар;
— мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
— колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;
— жергілікті атқарушы органдар;
— «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы;
— жұмыс берушілер қауымдастығы;
— ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер мен БАҚ өкілдері қатысты.