2022-11-28 15:12:37
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ордабасы ауданында жаңа мектеп ашылды

Түркістан облысында тағы бір мектеп ашылды. Ордабасы ауданындағы Шұбарсу елді мекенінде «Өмірхан Қозыбақ» атындағы бастауыш мектебінің ашылу рәсімі өтті.  280 орындық білім ошағы жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен салынған. Келер жылы жаңа мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған ғимаратпен қатар жазғы спорттық алаңы мен жоғары сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарына арналған жылыжай салу жоспарлануда.

Республика күні қарсыңында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай ордабасылықтардың қуанышымен бөлісіп, жаңа мектептің ашылуына қатысты. Өңірдегі білім саласындағы жаңа бастамалармен бөлісті.

— Бүгін өздеріңізбен Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында қуанышты сәтті бірге бөлісу үшін кездесіп отырмыз. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында білім саласына ерекше тоқталды. Мектеп салу — Үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттердің бірі, деді. 2025 жылға дейін елімізде Ел Президентінің қолдауымен 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалмақ. «Жайлы мектептер» біздің облыста да салынады. Заманауи талапқа сай 86 мектепте 60 мың бала білім алатын болады. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі шешіледі. Мектеп салуда жергілікті кәсіпкерлеріміз зор үлес қосып келеді. Біз өз тарапымыздан білім саласын дамытуға атсалысқан азаматтарды қолдауға дайынбыз,-деді өз сөзінде облыс әкімі Арман Жетпісбай.

Ордабасы ауданында 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 4-уі (Қараспан, Аққойлы, Дербес, Төрткөл е/м) жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жалпы, Ордабасы ауданында 69 мектеп бар. Онда 4,5 мыңнан астам мұғалім еңбек етсе, 37 мыңнан астам оқушы білім алуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР