«Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес, бүгін Шардара ауданының М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатында Олимпиадаға дайындық: «Шебер жазу дағдылары» атты оқыту семинары өтті.
Семинар мақсаты:
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушыларды шебер жазудың жаңа дағдыларына үйрету;
- Ойлау мен сөйлеу дағдыларына жаттықтыру.
Аталған оқыту семинарында шәкірттері бірнеше облыстық, республикалық олимпиадаларынан жүлделі орын алған, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ажар Сламова өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сабаққа облысқа қарасты аудандардағы ауыл мектептерінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, мәліметтер алды.