2024-04-26 08:51:37
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мұғалімдердің бейнелеу жұмыстары көрмеге қойылды

Мұғалімдердің бейнелеу жұмыстары көрмеге қойылды

Облыс  аумағында мұғалімдер арасында “Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем»  атты облыстық көрме өтті. Аталмыш іс-шара “Республика” күніне орай ұйымдастырылды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бейнелеу өнері түрлерімен шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдер өз туындыларын ұсынып, бақ сынасты.

Басты мақсат- ұлттық төл өнерімізді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа танытып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу.

Байқауға  жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған дарын және өнер мектептерінің аудандық байқауларда бас жүлдеге ие болған, бейнелеу өнері, көркем еңбек және  технология басқа да пәндер мұғалімдері  қатысты.

Көрмеге қатысушылар жасаған бұйымдарын көрме өтетін орында эстетикалық талапқа сай жинақтап орналастырып, шығармашылық туындысын таныстырып өтті. Көрме-байқауына әр ауданнан кем дегенде бес жұмыс ұсынылды. Көрмеде шығармашылық иелерінің жұмыстары идеялық мазмұнына, ой ұшқырлығына, сапасы мен технологиясына, шеберлігі мен көркемдік деңгейіне, бояу үйлесімділігіне қарай бағаланды.

Қазылар алқасының шешімімен Түркістан қаласындағы Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінің мұғалімі Халық Нұрлан бас жүлдені иемденді. Кескіндеме жанры бойынша Ордабасы ауданындағы Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің  мұғалімі Ілияс Әсем алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР