2024-04-26 23:58:26
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Білім ұйымдарында оқу ісі қалыпты жағдайда

Білім ұйымдарында оқу ісі қалыпты жағдайда

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Мақтаарал ауданына жұмыссапарымен барды. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, көрші елдегі орын алған жағдайға байланысты, шекаралас орналасқан Мақтаарал ауданындағы білім беру ұйымдарын аралады.

Атап айтқанда, «Мақтарал» мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  №6 Қаныш  Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі, Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы орта мектебі, Мақтаарал ауылдық округіндегі №14 колледжі, Мақтаарал Агргарлық колледжінің жағдайымен танысты.

“Зардапты жою жұмыстары басталып кетті. Балалар мен студенттердің сабақ алуы үшін барлық шаралар қабылданды” дейді Дінислам Болатханұлы.

Бұдан бөлек, облыстың бас ұстазы жауапты мамандарға  арнайы тапсырма беріп, оқушылар мен студенттердің білім сапасына әсер етпеуін қадағалауды алға тартты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР