2024-03-29 15:13:30
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Басты мақсат — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру

Басты мақсат - жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру

Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке. Бүгінде қазақстандықтардың көпшілігі Тәуелсіз Қазақ елінде тұратынын мақтан етеді. Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге патриоттық сезімді, оларға құрметпен қарау баршамызға ортақ міндет.

Осы мақсатта мектеп оқушыларының Отанды сүюге, егемен еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру маңызды. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында 25 қазан — Республика күніне орай, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында жиын өткізілді. Соның бірі- П.Шевцов атындағы жалпы орта мектебі. Жиынды ашқан мектеп  директоры Гүлнар Ниязалықызы ұстаздар мен оқушыларды Республика күнімен құттықтап, ұлттық мерекенің маңызына тоқталды.

Жиын барысында үздік оқушылар мен бірқатар ұстаздар марапатталды. Іс-шара сыныптардағы Республика күніне арналған сынып сағаттарымен жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР