«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ – АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНКҮНДІК
20 қараша — Дүниежүзілік балалар күні. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Осы ретте Дүниежүзілік балалар күніне танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу 2022 жылдың 10 -20 қараша аралығында Түркістан облысының барлық аудандарында жоспарланып отыр.
Республикалық онкүндік:
- Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге;
- Балалар жылына арналады.
Республикалық онкүндікке білім беру ұйымдарының оқушылары, жетім және ААҚҚ балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Онкүндік мақсаты — мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың тб. күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру және қоғам назарын аудару.