2024-03-29 00:39:26
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

9 сынып оқушысы «Құтқару қызметі» мобилді қосымшасын жасап шықты

9 сынып оқушысы «Құтқару қызметі» мобилді қосымшасын жасап шықты
Шымкент қаласы ХББ NIS-тің 9 сынып оқушысы Алматы қаласында өткен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында ұйымдастырылған ғылыми жобалар байқауында «Құтқару қызметі» мобилді қосымшасын жасап І орынға ие болды. Бұған ұқсас мобилді қосымшаны әлі ешкім жасамаған, қолданыста жоқ.
— Мобилді қосымшаның ерекшелігі төтенше жағдай кезіндегі эвакуция барысын жеңілдету және де барынша уақытты азайту. Эвакуция кезіндегі іс-әрекеттер 3 тілде аударылған, одан бөлек қатысқан оқушылар мен қызметкерлердің санын әкімшілік қызметкерлеріне нақты жеткізу. Мектеп нормасына сай уақытты дәл есептеп, ақпарат жеткізу. Бұның барлығы 4 минут 30 секунд нормасына сай келу мақсатында жасалған. Мектепте бұл қосымшаны 2 рет сынақтан өткіздік. Сынақ барысында мобилді қосымашаның кемшіліктері мен жақсы тұстарын байқай алдық. Осының арқасында тесттік сынақ кезінде оқушылар мен жұмысшылардың нақты санын ала алдық.  Алдағы уақытта мобилді қосымшаның кемшіліктерін дұрыстап арнайы чат қосып, play market жүйесіне жүктеу ойда бар. Авторлық құқықты мобилді қосымшаның соңғы нұсқасына жаңартылған түрде аламыз, —  дейді Арнұр Дәулет.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР