2024-04-19 10:47:32
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жылу беру маусымына — дайындық қазірден

Жылу беру маусымына - дайындық қазірден

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша кезекті жиын өтті.

«3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалып, қалған жұмыстар 10 күн ішінде аяқталады.

«Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық дайындық үстінде. 17 сорғы стансалардан 15-і дайын, қалған екеуінде дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында 19,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, бүгінге дейін 97% орындалды.

1987 көпқабатты тұрғын үйдің 93,7% яғни, 1863 үй жылыту маусымына дайын. 124 көпқабатты тұрғын үйде жұмыстар жалғасуда.

Қалада 484 бюджеттік мекеме бар. Олар 99% дайын.

Жылу беру маусымына - дайындық қазірден

Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 114,0 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 25 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр.

Қала әкімі М.Әйтенов қыс мезгілінде жылудың үздіксіз әрі тиісті мөлшерде берудің маңыздылығына тоқталып, бұл бойынша осы салаға жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар берді. Алдағы жылыту маусымында ешқандай ақау болмау керектігіне сондықтан дайындық жұмыстарын сапалы жүргізуге ден қою қажеттігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ шаһар басшысы күрделі жөндеу жұмыстарының дер кезінде бітуіне назар салу керектігін, бұл бойынша әлі арнайы тексерулер болатынын тілге тиек етті.

Жиын қорытындысында қала әкімдігі тарапынан қыс мезгілінде тұрақты және сапалы жылу берудің маңыздылығы айтылды. Және де осыған байланысты тиісті сала басшыларына есептегі сандық көрсеткіштерді жіті тексеріп, істен шығу қаупі бар нүктелерді анықтау тапсырылды. Әлі күнге дейін жалғасып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары да жіті қадағалауға алынып, қыркүйектің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР