2023-09-26 08:18:35
12.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Жұмыссыздарға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Шымкентте мүгедектігі бар және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға жұмыс орындарына квота белгілеу тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде 50 ұйымға 227 жұмыс орны бекітіліп, қазіргі таңда, 25 мекемеге 54 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.

Қала әкімінің тапсырмасымен 2022 жылы – ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 19 мекемеге 53 жұмыс орны бекітілген. Ал пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар бойынша 20 мекемеге 56 жұмыс орны бекітілген. Бүгінгі таңда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған – 2 азамат, пробация қызметінің есебінде тұрған – 13 азамат жұмысқа орналасты.

Аталмыш шаралардың басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, және пробация қызметі есебіндегі азаматтардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы мен «Ten qogam» әлеуметтік қолдау мекемесі бірлесіп тұрақты түрде мүгедектігі бар азаматтар арасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіп отырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР