2024-02-21 04:02:18
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жеке қабылдау: Тұрғындардың мәселесі жан-жақты қарастырылды

Жеке қабылдау: Тұрғындардың мәселесі жан-жақты қарастырылды

Қала басшысы Ғабит Сыздықбековтің әкімдік ғимаратында бірыңғай жеке қабылдау күні өтті.

Кезекті қабылдауда жер телімін заңдастыру, тұрғын үйді реновациялау, жол және инфрақұрылым жүйесі бойынша мәселелер көтерілді. Жалпы, 150-ге жуық азаматтың мәселесі тыңдалды.

Бірқатар мәселе қабылдау барысында шешімін тапты. Бозарық-2 елді мекенінің тұрғыны, қоғам белсендісі Александр Подвиг бұқаралық спортты дамыту аясында спорт мектебін салу және жер телімін заңдастыруды сұрады. Қала әкімі аталған елді мекенде спорт нысанының құрылысы қарастырылатынын айтып, жер телімі бойынша заң аясында зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ қала басшысы азаматтарға шешімін күткен мәселелер басты назарында болатынын түсіндіріп, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, Достық шағын ауданы тұрғыны көтерген мәселе бойынша Айлыкеш көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу биылғы жоспарға енгізіледі. Ал Нұртас шағын ауданы тұрғындарының білдірген өтініш-тілегіне орай, Құлагер көшесіне асфальт төселеді. Оған қоса, балалар алаңшасы салынатын болды.

Жеке қабылдау: Тұрғындардың мәселесі жан-жақты қарастырылды

Кезекті қабылдауда әкім орынбасарлары, аудан әкімдері, департамент пен басқарма басшылары да азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. Тиісті басшылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мәселелердің шешілу жолдары жан-жақты қарастырылатынын жеткізді.

Айта кетейік, қала басшысының жеке қабылдауына жазылу барысын Шымкент қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР