2024-04-26 17:50:43
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үздік еңбек әулеті марапатталды

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен өткен дәстүрлі «Еңбек жолы» байқауының жеңімпахдары мараптталды. Қатысушылар арасында ортасынан оза жауып, үздіктердің үздігі шоқтығымен дараланды.

Абакуров Жақып қария 1984 жылы Киров аудандық байланыс торабының бастығы қызметінен зейнеткерлікке шыққан. Еңбекке 1938 жылдан араласып, байланыс органдарында 1946 жылдың қыркүйегінде келіпті. Байланыс фельдъегері қызметінен бастаған Ж.Абакуров 1951 жылы Қызылқұм аудандық байланыс бастығының орынбасары лауазымына ауысып, 1952 жылдан зейнетке дейін Киров аудандық байланыс торабының бастығы қызметін атқарған. Қызметте адал, әрі талапшыл ардагердің өмір жолы — байланысшылардың жаңа буынына үлгі-өнеге.

Ал, Үсенхан Жақыпұлының байланыс саласындағы еңбек өтілі – 36 жыл. Бүгінде Оңтүстік өңірдегі «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасының өкілетті өкілі лауазымында қызмет етіп келеді.

Еңбек жолын 1986 жылы Шымкент облысы Киров аудандық байланыс торабының күшейту пунктінің инженері болып бастаған ол қызметте сатылап өсіп, бүгінде бүтін бір өңірдің байланыс саласын тізгіндеп отыр.

Жақып Әубәкіровтің қызметтестері оның көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілетін ерекше бағалайтынын айтады. Бас директор лауазымында жүріп, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары қатар басқарған. Байланыс сапасын жақсарту мақсатында нормативтік талаптардың 100 пайызға сақталуын қадағалап, нысандарды халық игілігіне дер кезінде пайдалануға беріп отырған.

Үсенхан Жақыпұлы ғылымнан да алыс емес. Байланыс саласымен қатар, экономиканың да қыр-сырын меңгеріп, экономика ғылымдарының кандидаты атанған. Ал, байланыс саласындағы үзіліссіз, әрі жемісті еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, «Құрметті байланысшы».

— Цифрлы технология дәуірінде байланысшы қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл саланың қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, әрі қарай дамыту үшін жауапкершілігі мол, мақсатына адал жалынды жастар қажет, — дейді Үсенхан Жақыпұлы.

Ата жолын қуған Дәурен Үсенханұлы Әубәкіров — «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша білім алып, Техника және технологиялар магистрі академиялық дәрежесін алған білікті маман.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР