2024-04-20 12:18:43
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан облысында ағымдағы жылы 63 мектептің құрылысы жүргізілді

Түркістан облысында ағымдағы жылы 63 мектептің құрылысы жүргізілді

Түркістан облысында ағымдағы жылы 63 мектептің құрылысы жүргізіліп, 15-і пайдалануға берілген. Құрылысшылар облыста тағы алты нысанның құрылысы жуық арада аяқталатынын айтады, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Сала мамандарының мәліметінше, облыс аумағында орналасқан 900 мемлекеттік мектептің 727-і типтік үлгіде салынған. Ал, 173-сі ыңғайластрылған болса, 52 ғимараты саманды мектеп. 2025 жылға дейін 158 мектептің құрылысын салу жоспарлануда. 42 мектептің құрылысы 2021 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, өңірде 7 апатты және 5 үш ауысымды мектеп бар. Апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу бойынша жыл басында кешенді жоспар бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Оған сәйкес, жаңадан екі мектеп пайдалануға беріліп, облыстағы апатты білім ұяларының саны алтыға азайды.

Үш ауысымды мектеп те төртеу болды. Бүгінде екі апатты мектептің орнына жаңа ғимараттың құрылысы басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. 2021-2023 жылдар аралығында 4 апатты мектептің құрылысы шешіледі деп жоспарланған.

Алдағы бес жылда 180 білім ошағы бой көтерсе, тар мектептердің мәселесі біршама шешіледі дейді сала басшылары.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР