2025-04-29 15:31:08
30.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тазалық жұмыстары басты назарда

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы бей-берекет қоқыс жиналуына жол бермеу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзілген. Сонымен бірге, осындай келісі-шарт түзудің тиімділігі жөнінде тұрғындарға түсіндірілді.
Нәтижесінде, аудан бойынша 2021 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші – 99%. Аталған көрсеткішті -100 %-ға жеткізу жоспарда.
Жалпы Қаратау ауданындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларында алпыс жеті қоқыс алаңшалары бар. Алаңшаларды қызмет көрсетуші «ЭкоСпецТранс» ЖШС, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС мекемелері ай сайын тазалап, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді.
Сондай-ақ, ішкі орам көшелер мен аулалардың тазалығын ұйымдастыру, көшелерді жуу, инертті материалдарды себу, күл-қоқыстарды шығару, ирригациялық жүйелер мен бордюрлер жанын тазалау, т.б. механикалық жұмыстарды «Жасыл жер» ЖШС күн сайын кестеге сәйкес атқаруда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР