2024-03-29 15:51:42
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тассай тұрғын алабы табиғи газбен толық қамтылады

Тассай тұрғын алабы табиғи газбен толық қамтылады

Қаратау ауданындағы Тассай тұрғын алабы ауыз су, мемлекеттік жүйедегі электр жарығы толық қамтыған. Қазір табиғи газ бен кәріз жүйесін тарту жұмыстары атқарылып жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғын алабқа инфрақұрылым жүйелерін тарту барысын көрді.

Қазір елді мекенді кәріз жүйесімен қамту үшін «Сарыағаш  Аман» ЖШС мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сметалық құжатына сәйкес, жүйенің жалпы ұзындығы 115,2 шақырым. Бүгінде 66,3 шақырымды құрайтын құбыр тартылып, жұмыстың 62 пайызы орындалған. Құрылысы 2021 жылы басталған нысан аяқталуы келер жылға өтпелі.

Тұрғын алабты толық көгілдір отынмен қамту  мақсатында «Ремстрой» ЖШС-і құрылыс жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Одан бөлек, өткен жылы 15 км топырақ жолдарға шағал тас төселген. 2022-2023 жылдары жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталған соңы асфальттанады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР