2022-10-03 11:33:49
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтылған

Ресми мәлімет бойыша қаладағы 38 колледж студенттерін жұмысқа тарту және қажетті іс-тәжірибе жниақтауға көмек беру үшін 117 кәсіпорынмен арнайы келісімге қол қойылды. Соның ішінде 15 колледж дуальді оқыту жүйесіне көшті. Биылғы жылы кәсіптік білім алуға мемлекеттік тапсырыс негізінде 11 704 орын бөлінді. Мемлекеттік тапсырыстың яғни гранттың 87 пайызы техникалық қызмет көрсету салаларының үлесіне тиіп отыр.

Білімді ұлт сапалы білім беру ұлттық жобасын нәтижелі түрде іске асыру мақсатында қалада бұдан басқа да көптеген игі істер атқарылуда.  Ендігі жерде аталған Ұлттық жоба аясында қолға алынатын міндеттемер мен мақсаттарға тоқталсақ, балаларды мектептеке дейінгі тәрбие мен сапалы біліммен қамту үлесін 76 пайыздан 90 пайызға жеткізу, балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткішін 77 пайыздан асыру, жаңа модификацияланған кабинеттер санын 72-ден 80 пайызға шығару, даму мүмкіндігі шектелген балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мен ерте түзетумен қамту үлесін 50-ден 65 пайызға дейін ұлғайту, жастарды колледждерде тегін оқытуды 80 пайызға арттыру, оқу үдерісіне WorldSkills бағалау жүйесін енгізген колледждерді 40-тан 60 пайызға асыру көзделуде.

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиеваның айтуынша биылғы оқу жылында 386 мың 300 оқушы және балабақшаларда 78 мың 300 бүлдіршін білім мен тәрбиенің көкжиегін кеңейтпек. Білім беру саласына қатысты 862 мекемеден 577 балабақшаны, 263 жалпы білім беретін мектептерді, 38 кәсіптік және техникалық колледждерді, 12 мектептен тыс білім беру ұйымдарын бөліп қарастыруға болады. Биыл аталған барлық осы білім мекемелері жаңа оқу жылына тас түйін дайындықпен келіп отыр. Соның ішінде мектепке дейінгі білім беруде бірнеше индикаторлық көрсеткіштер белгіленген.

Осыған сәйкес 2-6 жасты қамтитын межені биыл 89.1 пайызбен орындап отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 13.8 пайызға артығымен орындалған.  Ал 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту үлесі жекеменшік балабақшалар есебінен жүз пайызға жетті. Ендігі ретте мектептке дейінгі білім беру ұйымдарының сапасын арттыру басты талапқа айналды.

Осыған байланысты қалалық білім беру басқармасының жанынан алдағы уақытта арнайы дамыту орталығы ашылмақ. Орталық тарапынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы жеке-жеке сараланып, жүйеленетін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР