2024-07-27 13:16:45
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жыл басынан бері 700-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Шымкентте жыл басынан бері 700-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Шымкентте жыл басынан 506 отбасы тарихи отанына оралып, 714 этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. 6 айға кандас мәртебесін ұзартқандар саны 34 отбасынан 46 адамды құраған.

Қандас мәртебесін алған азаматтардың 384-і ер адам және 330 әйел адам. Олардың 199 –ы 18 жасқа дейінгі жастар, 49 зейнеткер және қалған 466-ы еңбекке қабілетті азаматтар. Оның ішінде 74 адам жоғары білімді, 218 орта арнайы білімді, 156 азамат жалпы орта білімді.

Қандастардың дені — Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Көрші елден 701 адам қоныс аударып отыр. Қытайдан – 3 адам, Ресейден – 7 азамат, Қырғызстаннан – 1 және Ауғанстаннан 2 адам келген. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда –саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда.

Шымкентте оларға қолдау көрсету мақсатында 2008 жылдан бері «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» жұмыс істейді.

Орталықта бүгінде 13 отбасынан 29 адамға бейімдеу қызметтері көрсетілуде. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына орталықта қандастарға тұрмыстық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық тұрғыда көмектер ұсынылып, кәсіби даярлау бойынша мамандықтарға оқыту, жұмысқа орналастыру қызметтері көрсетіледі.

Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 69 қандас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына, жастар практикасы және әлеуметтік, алғашкы және қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. 39 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде білім алған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР