2024-04-25 19:48:56
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалар

Шымкентте жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалар

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында Шымкент әкімі М.Әйтенов қалада жүзеге асыралатын ірі инвестициялық жобаларды атады.

  • «KAZALPACK» компаниясы биыл құны 23,4 млрд. теңгені құрайтын алюмин банкілерінің өндірісі жобасын іске қосып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Қосымша 2023-2025 жылдары алюмин тақталары мен листтер өндірісі жобасы іске асырады. Инвестиция көлемі  40 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны құрылады.
  • «Karlskrona» компаниясы құны 26 млрд. теңгені құрайтын гидравликалық насостар өндірісі  жобасын жүзеге асырады. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
  • Өзбекстандық инвестордың қатысуымен «Orient Ceramic» компаниясы құны  13 млрд. теңгеге керамикалық тақталар өндірісі жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.  300-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.
  • 1 000 орындық көпфункционалды университеттік клиника мен заманауи емхана жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 120 млрд.теңге, 3 мыңға жуық жұмыс орны. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары аяқталып, сараптамадан өтуде.
  • «Asia Trafo» компаниясының құны 7 млрд. теңгені құрайтын трансформатор өндірісі. Жоба аясында Орталық Азияда теңдесі жоқ жоғары кернеулі реакторлар шығарылады.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысы бойынша қала экономикасына 131.1 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,9 пайызға артқан. Қалада 2022-2025 жылдары аралығында жүзеге асырылатын құны 2.6 трлн теңгеге 242 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңадан 20 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады. Сондай-ақ жалпы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2022 жылы қала аумағында 52,8 млрд теңгеге 1043 жұмыс орнын құрумен 16 жоба іске қосылатын болады. Бүгінгі таңға жалпы құны 26.5 млрд теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба 215 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды. Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымлығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР