2024-04-25 15:51:19
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте “Үздік жастар — 2022» премиясы табысталды

Шымкентте “Үздік жастар - 2022» премиясы табысталды

Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай үшінші мегаполистің көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар 31 номинация бойынша марапатталды.

Салтанатты шараға Шым шаһар басшысы Мұрат Әйтенов, қоғам белсенділері, номинация иегерлері, олардың отбасы мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алғы сөз алған Мұрат Дүйсенбекұлы үздік жастарды жеңісімен құттықтап, еңбекте толағай табыстарға, биік шыңдарға жете беруге тілектестігін білдірді.

– Әділетті Қазақстанның жарқын болашағы – жастардың қолында. Бүгінде мемлекет халыққа қолайлы жағдай жасап отыр. Сіздердің білім алуларыңызға, ғылыммен айналысуға, жұмысқа орналасуға, баспанамен қамтылуға және жеке бизнес бастауға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай, алдағы жылы 100 мың жас тұрақты жұмысқа орналастырылады.

Жастардың өз бизнесін ашуы үшін 2,5 пайыздық үстемақымен жеңілдетілген несие де қарастырылған. Сонымен қатар, жұмыс істейтін мыңға жуық жасқа жалдамалы пәтерлер берілуде.

Осының барлығы еліміздің Сіздердің болашақтарыңызға зор үмітпен қарап отырғанын көрсетеді. Сол себепті баршаңызды тынбай ізденіп, білім алуға, тұлғалық тұрғыда дамуға, спортпен, шығармашылықпен, ғылыммен және кәсіппен айналысуға, салауатты, белсенді өмір сүруге шақырамын!

— деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Дәстүрге айналған «Үздік жастар» байқауы биыл 12-ші рет Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қаламызда мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жастарды марапаттау, сондай-ақ қоғамның түрлі салаларындағы жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау және жастардың отаншылдық рухын көтеру.

«Үздік жастар — 2022» премиясының ережесіне сәйкес, 5 бағыт 31 номинация бойынша 14-29 жасқа дейінгі 176 үміткер байқауға қатысып, іріктелді. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқау комиссиясының шешімі бойынша 31 жас өз салаларында үздік деп танылды.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде номинация иегерлеріне қала әкімінің атынан диплом беріліп, арнайы статуэтка мен планшет табысталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР