2023-02-05 11:09:08
1.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Шымкентте сәбилер жөргегі шығарылады

Үшінші мегаполисте жылына 345 миллион жөргек өндірілетін болады. Аталған  зауыт құрылысы келесі жылдан бастап салынады. Осы жоба арқылы 145 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Сонымен бірге, мал азығы өндірісі мен пластик шығаратын ірі кәсіпорын құрылысын жүргізу де жергілікті әкімдік тарапынан жоспарланып отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб жиынында осы жоспарлар туралы жан-жақты баяндалды.

Шаһар басшысының айтуынша мұндағы негізгі мақсат мегаполистің импортқа тәуелділігін азайтып, экспортты күшейту. Сондай-ақ осы бағытта инвестиция тарту жалғаса беретінін және сол арқылы жаңадан ашылатын жұмыс орындарының қатары артатынын жеткізді.

Айта кету керек, жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдері мен инвесторлар басқосқан жиында жалпы 12 жаңа жобаның таныстырылды. Мәселен, «Амина Интекс» ЖШС басшысы Али Гохар «Бозарық» агро-индустриалды аймақтан  мал азығы өндірісін ашуды көздеп отырғанын айтты. 1 млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 1200 тонна өнім шығаруға қауқарлы.  2023 жылы жүзеге асырылатын жобаның нәтижесінде 200 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сонымен қатар «SAN GRAND» ЖШС басшысы Бағлан Таженов «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 9 гектар жерге бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Оның біріншісі – 13 млрд теңгені құрайтын сәбилердің жөргегін шығаратын отандық ірі кәсіпорын болса, екіншісі – 9,3 млрд. тенгені болатын шыны талшықты терезе профильдерінің өндірісі. Аталған жобаларды қолға алу арқылы жұмыссыз жүрген 300-ге жуық азаматқа келешекте тұрақты жұмыс табылады.

Бұдан бөлек «AnDa Company» ЖШС басшысы Дмитрий Таранов биофармацевтикалық зауыттың жобасымен таныстырды. Жылына 500 000 мың доза вакцина шығаратын қуатты өндіріс ошағы «Тассай» индустриалды аймағынан салынады. Жобаның құны 1 800 млн теңге. Нысан құрылысы 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Құрылыс аяқталған сәтте 35 азамат тұрақты жұмыспен қамтылады. Инвестор аталған жобаны іске асыру үшін жергілікті әкімдіктен құрылыс нысанын электр жарығымен, газ, ауыз су, ағынды сумен және байланыспен қамтамасыз етуді сұрап отыр.

Штаб отырысында бұдан басқа аяқ киім, картон қораптарын шығаратын, денсаулық саласына қажетті препараттар өндіретін, тұрғын үй және коттедж құрылысына қажетті тағы басқа да ірі 10-нан астам жоба қаралды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР